Боран зымыраны Қазақстанға қайтарылуы тиіс – Бағдат Мусин

cover Фото: РИА

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ел Боран орбитасы үшін сотқа жүгінуді жалғастыратынын айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Дәурен Мұса мырза өз постында Қазақстан билігі үш жылдан бері онымен соттасып келе жатқандығын жазыпты. Расымен cолай және бұл процесті жалғастыра бермекпіз, себебі біздің мақсатымыз – заңдылық пен әділдік орнатып, мемлекетке тиесілі меншіктерді, соның ішінде «Баран» ғарыш кемесін қайтару, - деп жазды Бағдат Мусин Facebook-те.

Оның айтуынша, әуелі «Байқоңыр» РҒК АҚ компаниясы «КРИСП Аэлита» ЖАҚ деген атаумен Байқоңыр айлағының мүлкін сақтау үшін Қазақстан және Ресей мемлекеттік компанияларының бірдей қатысуымен құрылған. Яғни «Боран» ғарыш кемесі Дәурен Мұса деген азаматқа емес, «Байқоңыр» РҒК АҚ-ға тиесілі.

Мұса халықаралық компанияның тең иесі болды, ол оны «Байқоңыр» деп атауын өзгерткен. Ол үш мәміледе компанияның үлесін алды. Министрдің айтуынша, сот олардың екеуін заңсыз деп таныған.

– Үшінші шарттың да заңсыздығын дәлелдемекпіз. Біз Дәурен Мұсаның бұл компанияға, мүлікке және «Боран» орбитасына иелік етуге ешқандай құқығы жоқ деп есептейміз, - деп жазды Мусин.

Боран ғарыш кемесі кімдікі?

Бұған дейін ресейлік «Молния» ғылыми-өндірістік бірлестігі атышулы қазақстандық «Боран» кемесін тасымалдау мәселесін шешіп жатқанын хабарлаған. Алайда Боранға тиесілі компанияның иесі Дәурен Мұса кемені сатпағанын айтып, ресейліктерді Қазақстан сотының шешімдерін құрметтемеді деп айыптады.

Бұған жауап ретінде Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин Қазақстан билігінің келісімінсіз Ресей тіпті өзіне тиесілі емес мүлікті экспорттауды жоспарлай алмайтынын айтты. Ол сот шешімімен Боран қамқор иесін табады немесе Дәурен Мұсаны жаһандық маңызы бар экспонаттарды сақтауға инвестиция салуға мәжбүрлейді деген.

2019 жылы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Дәурен Мұсаға тиесілі «ҚР Байқоңыр» компаниясына қарсы сотқа жүгінді. Департамент серіктестікті таратып, кемені мемлекетке қайтаруды талап етті. Алайда бірінші және екінші сатыдағы соттар талап арызды қанағаттандырудан бас тартты.

«Боран» зымыраны үш дана етіп құрастырылды. Бірінші ғарыш кемесі ғарышқа 32 жыл бұрын ұшырылды. Ұшудан кейін ол Байқоңыр ғарыш айлағына қонды. 2002 жылы ол құрастыру-сынау ғимаратының төбесі жабылғаннан кейін жойылды. Жеті адам қаза тапты.

Байқоңыр ғарыш айлағында орналасқан «Боран» екінші ғарыш кемесі ғарышқа 1991 жылы жіберілетін болды. Бірақ ол ұшырылмады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар