Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді

cover Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы

Қазақстан құрамасы таеквондодан Bulgaria Open-2026 халықаралық турнирінде 11 медаль жеңіп алды. Байрақты бәсеке Болгарияның София қаласында  өтті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Алтын медаль иегерлері: Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Тоғжан Қазнабек (57 келіге дейін), Жавохирхон Исламов (58 келіге дейін), Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін).

87 келіден жоғары салмақта Бейбарыс Қаблан күміс жүлдеге ие болды.

Қола жүлдені Айдана Құмартаева (46 келіге дейін), Жанель Сұлтанғалиева (46 келіге дейін), Нодира Ахмедова (49 келіге дейін), Жазира Иссина (57 келіге дейін), Батырхан Кусетов (80 келіге дейін) жеңіп алды.

Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы ересектер арасында жалпыкомандалық медаль кестесінде 2 орынға тұрақтады. Бірінші орынды Ресей иеленсе, үздік үштікті Иордания түйіндеді.

Қазақстан құрамасы жаңа маусымның алғашқы халықаралық додасында 5 алтын, 1 күміс және 5 қола жүлде жеңіп алды. G-2 санатындағы жарысқа ересектер арасында 56 елден 645 спортшы қатысты. 

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар