Бұл мерекеден еш қорқыныш жоқ: Валентин әулие ме, әуре ме?
Коллаж: Orda.kz
Бүгінде Валентин мерекесін бүкіл жастар тойлап жүргеніне көзі ашық пенденің бәрі куә. Дүйім жастар «ғашықтар мерекесі» деп думандатып жүрген әулие Валентин күнінің тәуелсіз Қазақстандағы орны туралы Orda.kz тілшісі саралады.
Алдымен бұл мерекенің тарихы қайда жатқанын айтатын болсақ, кей деректерде Христиан діндарлары бұның үш нұсқасын айтады. Біріншісі Рим Императоры Юрий Клавдийдің сарбаздарға үйленуге тыйым салған заңы бола тұра, некелескені үшін өлім жазасына кесілген адам. Осы оқиғадан 2 ғасыр өткен соң 496 жылы Геласиустың шешімімен 14 ақпан «Әулие Валентин» күні болып белгіленген. Екінші деректе Валентиннің дін қызметкері екендігі айтылады. Христиандарға көмектескені үшін абақтыға қамалып, сол жақта түрме қызметкеріне ғашық болғаны және сол үшін өлім жазасына кесілгені туралы айтылады. Ал үшінші деректе Валентин ешкімге ғашық болмағаны және оның дін қызметкері болғаны, оның өлімінен кейін «әулие» атанғаны туралы жазылған.

Atlas Оbscura туристік дереккөздің мәліметінше, бұл бас сүйек нақты Валентиндікі ме, жоқ па белгісіз.
«Мифтің артында тұрған нақты адамдар туралы аз мәлімет болса да, Валентиндердің екеуі 3 ғасырдың аяғында Италияда, ал біреуі солтүстік Африкада шамамен бір уақытта өмір сүрді. Уақыт өте келе бұл әртүрлі адамдардың әңгімелері арқылы өрбіп кеткен сияқты», – деп мәлімдеді Atlas Obsura.
Сондай-ақ, бұл бастың тұрғанына шамамен 1500 жылдай болған.
Біздің елде Валентин қалай тойланады?
Бұл мереке жастар арасында да белең алып тұр. Мәселен жатақхана дәлізінде осы мереке қарсаңына сырты әрленген қорап қойылады. Оның ішінде бір-біріне сезімін айта алмай жүрген қыз жігіттер қағазға өз сезімі мен сыртына атын және бөлмесін жазып, оны қорапқа салады. Ал жатақханада тұратын университет белсенділері сол күні кешке хатты иелеріне таратып береді.
Мектептің аумағы да осындай, дәл сол жүйе бойынша мектеп дәлізіне қорап қойылады.
2011 жылы қазақ жастары Алматы қаласында дәл осы әулие Валентинге қарсылық танытып, өздерінің наразылығын білдірген болатын. Қазіргі мәжіліс парламентінің депутаты Елнұр Бейсенбаев та сол жылдары наразылықтың басы-қасында жүрді.
Валентиннен емес, діндарлардан қорқу керек
Мәдениеттанушы Бердалы Оспанның сөзінше, бұл мереке КСРО кезінде тойланбайтын, ал Валентиннен қорқудың қажеті жоқ, ол 1 күн болады да кетеді.
«Валентиннен жастарға ешқандай қауіп жоқ, қауіптің барлығы діндарлардан болып тұр», – дейді Бердалы Оспан.
Оның ойынша, 14 ақпан Валентин күні болса, 13 ақпан Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні болуы керек.
«13-і күні қазақтың ғашықтар мерекесін жасау керек, сонда 14-і күні тойланатын Валентин мерекесі өзімен өзі көмескіленіп қалады»
Тақырыпты тереңінен қаузау үшін имамнан да осы тақырып аясында пікір алған болатынбыз. Біз бұл мереке бойынша ислам дінінде не дейтіні туралы, әлеуметтік желіде танымал болған Нұрлан имамнан сұрадық.
Имамның айтуынша, бұл күн мұсылман елінде болмаған оқиғадан бастау алады. Ғашық жандарға жанын қиған Валентин деген айдаладағы біреудің бізге әулие болуы қисынсыз дүние.
«Бәлкім, ерекше аталып, әлемге таралып кеткен соң, қазақ жастары да еліктеп, әлемді бағындырып отырған Батыстан қалыс қалғылары келмейтін шығар. Алайда, бұл күнді ұлтқа, нәсілге, елге, жерге, дінге бөлмей-ақ алып қарайтын болсақ, бұл сондай бір құрметпен аталып өтетін мереке емес, өйткені, адамзатқа берері жоқ», – дейді Нұрлан имам.
Оның сөзінше, діни мейрамымыз бен мемлекетіміздің айрықша атап өтетін ресми мерекелері жеткілікті деңгейде. Сондықтан, сол мерейлі күндердің аясында шама - шарқымызша өмір кешкеніміз дұрыс.
«Ал, қазақ жастарына әулие керек болса, өздерін өмірге әкелген, күні мен түнін, асыл ғұмырын арнаған, қанаттыға қақтырмай бағып - қаққан, тұмсықтыға шоқтырмай үлпілдетіп өсірген, осы күнді көруге жеткізген үйдегі әкесі мен анасы әулиелердің әулиесі. Сол екеуінің көз жанарларына қараса, өздерін көреді, сол екеуінің жүздеріне қараса, мейірім табады, сол екеуінің батасы жол ашар, сол екеуінің жолы даңғыл өмір. Сондықтан, көктегі құстың қос қанатындай, көлдегі қос аққудай болған үйдегі әке - шешесін әулие тұтсын. Одан кейін Құдай қосқан жұбайларын, бауыры ағасын, аға інісін, іні қарындасын құрметтесін», – деді имам.
Сондай-ақ сөз соңында имам жоғарыда айтқандай мұсылман үшін мерекелеуге болмайтынын, алайда Қазақстан көп ұлтты, көп конфессиялы мемлекет болғандықтан, соған қарай барлық діндердің қасиетті кітаптарына, киелі жазбаларына, діни сенім-нанымынан құралатын киелі дүниелеріне құрметпен қарауымыз керектігін жеткізді.
Қорытынды
Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекеттердің қатарында. Дәлірек айтқанда біздің еліміз дін мәселелерінде ресми түрде бейтараптық позиция ұстанатын немесе бейтараптық танытатын, дінді де, дінсіздікті де қолдамайтын мемлекет. Бұл туралы Қасым-Жомарт Кемелұлы республикалық педагогтер съезінде де мәлімдеме жасаған болатын.
«Мен қоғамда жиі талқыланатын тағы бір мәселеге тоқталғым келеді. Қазақстан – Конституция бойынша зайырлы мемлекет. Бұл қағида барлық жерде, соның ішінде білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс. Мектеп – ең алдымен, білім ордасы. Балалар мектепке білім алу үшін барады. Ал діни ұстаным – әр азаматтың жеке мәселесі, өз таңдауы», – деді мемлекет басшысы.
Ал Валентин күнінен бөлек, Қазақстанда сол күнмен тұспа-тұс келіп тұрған «кітап сыйлау» мерекесі бар. Егер өмірде жүрегінің жартысын таппаған жандар болса, еш алаңдамастан өз жақындарына кітап сыйласа да болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық