Бүгін Қырғыз Республикасында ұлттық аза тұту күні жарияланды
Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров 19 қыркүйекті Қырғызстанда ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президент әкімшілігінің Ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орынбеков хабарлады.
«Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 2022 жылдың 19 қыркүйегін Қырғыз Республикасында ұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды» деді Орынбеков.
Орынбеков 14-17 қыркүйекте Баткен облысындағы мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде орын алған қарулы қақтығыс Қырғыз Республикасы азаматтарының өліміне әкелгенін еске салды.
«Қайтыс болғандарға қайғырып, олардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып: 2022 жылғы 19 қыркүйекті Қырғыз Республикасында ұлттық аза тұту күні деп жарияланды; бүкіл ел бойынша ұлттық аза тұту күнінде, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелердің ғимараттарында Қырғыз Республикасының мемлекеттік тулары жартылай түсірілсін; мәдениет мекемелері мен телерадиокомпанияларға ұлттық аза тұту күні ойын-сауық шаралары мен бағдарламаларын тоқтату ұсынылды» делінген Қырғызстан президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетсек, қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыстан 36 қырғызстандық қаза тапты.
Жаңалықтар
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады
- Музейлер түні 2024: Алматы мен Астананың толық бағдарламасы
- Бішкекте шетелдіктермен төбелес болып, мыңдаған адам көшеге шықты
- Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады
- Бектенов Тоқаевқа су тасқыны зардаптарын жою туралы баяндады
- Жыл басынан бері мемлекет пайдаланылмай жатқан 645 мың гектар жерді қайтарды
- Өнеркәсіп министрі депутаттармен және белсенділермен қайта өңдеу төлемі мәселесін талқылады
- Тоқаев «Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі туралы» заңға қол қойды
- Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлімдеме жасады
- Қазақстанда теократиялық жүйе орнатқысы келген 8 адам сотталды
- Қазақ тілін және ел тарихын білмейтіндер Қазақстан азаматтығынан шығарылады
- «Медеу» табиғи саябағындағы 35 гектар болатын 10 жер телімі мемлекетке қайтарылды
- «ҚазАвтоЖол» жол бойындағы сервисті дамытуға шақырады
- «Қазақфильм» жобалары мемлекет қаражатының 95 пайызын өтемейді
- Маңғыстау облысының жаңа әкімі таныстырылды
- Құлсарылықтарға Қаржы министрлігі көмектесе ме?
- 350 мың доллар пара беруге итермелеп, он жылға бас бостандығынан айырылды