Бразилияда коронавирус жұқтырғандар саны 13 миллионге жетті

cover

Өткен тәулікте Бразилияда коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 28 645-ке артып, 13 013 601-ге жетті.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Жалпы елдегі өлім-жітім артып, өткен тәулікте 332 752-і адамға жетті.

Пандемия басталғаннан бері елде коронавируспен ауыратын 11,4 миллионнан астам адам сауығып кетті.

16 наурызда Бразилия президенті Джаир Болсонару кардиолог Марсела Кейрогты Денсаулық сақтау министрі етіп тағайындауға шешім қабылдады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар