Бразилияда ірі жол-көлік апатынан 41 адам мерт болды

cover

Бразилияда жолаушылар автобусы мен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 41 адам қаза тауып, 11 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы әлемдік БАҚ хабарлайды.

Сан-Паулу штатында Тагуай мен Такауритуба қалалары арасындағы жолда жан түршігерлік апат 24 қараша күні таңғы сағат 7-де болды. 53 адам болған автобус жүк көлігімен соқтығысқан. Автобуста тоқыма фабрикасының қызметкерлері болған деп хабарланды.

Жаралылар ауруханаға жатқызылды, олардың көпшілігінің жағдайы ауыр.

Жергілікті билік үш күндік аза жариялап, зардап шеккендерге, сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына көмек беруге уәде етті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар