Браконьерлер қорықшыларды арматурамен соққыға жықты

cover

Түркістан облысы Шардара ауданында заңсыз балық аулаған браконьерлер үш қорықшыны соққыға жықты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Анықталғандай алты браконьер үш қорықшыны арматурамен соққыға жыққан. Қорықшылардың бірі бас жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды.

Ал заңсыз балық аулаған алты адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 380-бабы бойынша іс қозғалды. 60 келі балықты заңсыз аулаған күдікті азаматтар іздестіріліп жатыр.

Қорықшылардың айтуынша, мұндай жағдайлар жиі орын алады екен.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар