Босқындар жылына 40 мың рет Польша шекарасын кесіп өтпек болған

cover

Осы айда мемлекеттік шекараны кесіп өту әрекеті 1,5 мыңға жетті.

Шекара қызметінің мәліметінше, 2021 жылы босқындардың Польша аумағына заңсыз кіру әрекеті жиілеген, шекарашылар осындай 40 мың әрекетті тоқтатуға тырысқан.

«Осы айда мұндай әрекет 1500, ал жыл басынан бері 39 500 қайталанды» делінген министрлік хабарламасында.

Мигранттар поляк шекарашыларының көліктеріне тас лақтырып, Беларусь қауіпсіздік күштері оларды лазер жарығымен тоқтатуға тырысты.

Қараша айының басында Польша мен Беларусь шекарасында көші-қон дағдарысы ушыға түсті: Ирак пен Сириядан келген мыңдаған мигрант сөмкелерін арқалап, кішкентай балаларымен Брузги-Кузница шекара бекетінің жанына жиналды. Олар шатыр тігіп, от жағып, кетпей қойған.

Ресейден келген шешендер де шекарадан өтпек болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар