«Болашақ» кімдердің бағын ашты
Фото: Егемен Қазақстан
Ведомствода халықаралық стипендия мен «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының жаңа иегерлерінің есімдері жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның іріктеу қорытындысы бойынша 217 адам стипендия иегері атанды:
- олардың көпшілігі - 167 стипендиат - магистратураға оқуға жіберіледі;
- тағы 13-і докторантурада білімін жалғастырады;
- 37 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.
Болашақтықтардың шамамен екіден үш бөлігі (67,7%) жаратылыстану-техникалық пәндерді – инженерия, IT, ғылым және технология салаларын таңдаған. Қалған 32,3% – қоғамдық-гуманитарлық бағыттарды меңгереді.
Толық тізімді мына жерден көруге болады.
«Бұдан бөлек, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 68 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту үшін стипендия тағайындалды» деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасын сынға алған болатын. Ол шетелге оқуға 78 жастағы қазақстандықтың кеткен жағдайын мысал ретінде келтірген еді.
Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грант иегерлерінің тізімін жариялады. Грант иегерлерінің толық тізімі министрліктің ресми сайтында, сондай-ақ Telegram-арналарында және Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында қолжетімді.
Жаңалықтар
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр