Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатынан елге оралды

cover Фото: Қазақстан ҰОК Баспасөз қызметі

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатынан елге оралды. Ел абыройын асқақтатқан спортшыларды елордада жанкүйерлер ыстық ықыласпен күтіп алды.

Отандық былғары қолғап шеберлері Сербия астанасы Белградта өткен әлем чемпионатынан екі алтын, екі күміс және бір қола жүлдемен елге оралды.

Бас бапкер Қайрат Сәтжанов бастап барған құрама әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы медаль кестесінде екінші орынға жайғасты, - деп жазды Olympic.kz.

Өз кезегінде бас бапкер құраманың нәтижесіне көңілі толатынын айтса, жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар жанкүйерлер қолдауын ерекше  сезінгенін жасырмады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар