Бішкекте зираттарға не үшін бейнебақылау камералары орнатылып жатыр?

cover Фото: Әлеуметтік желіден

Бішкек қаласындағы зираттарға биыл бейнебақылау камераларын орнату жоспарланып отыр. Бұл шара мемориалдық кешен аумағындағы қауіпсіздікті арттыруға және вандализм жағдайының алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды Orda.kz 24KG сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы 8 сәуірде «Бішкек ритуалдық қызметтер агенттігі» директоры міндетін атқарушы Қуат Құрамаев айтты. Ол бұл туралы қалалық кеңестің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, отын-энергетика кешені, көлік, байланыс және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2026 жылға арналған жоспарға арнайы техника сатып алу да енгізілген. Атап айтқанда, экскаватор, самосвал және су таситын көлік алу көзделіп отыр. Сондай-ақ, кәсіпорын зираттарға арналған жер учаскелеріне рұқсат құжаттарын рәсімдеуді жоспарлап отыр. Жалпы, биылғы жоспар 14 тармақтан тұрады.

Бейнебақылау камераларын орнату бойынша тендер жақын арада жарияланады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар