Бір жылда 220 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

cover

Еңбек министрлігінің айтуынша, 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 6,7 мың жобаны іске асыру басталған. Нәтижесінде 220 700 адам жұмыспен қамтылған, олардың орташа жалақысы 130 мың теңгені құрайды.

ЖҚЖК (Жұмыспен қамтудың жол картасы – ескерту ОРДА.) инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  1. әлеуметтік және мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру және салу;
  2. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту;
  3. күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта құру, инженерлік-көлік инфрақұрылымын салу;
  4. елді мекендерді абаттандыру.

ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асырудың ерекше шарты отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің кем дегенде 90% -ын пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады. Жұмысшылардың жартысын құрайтын жұмыссыз жастарға басымдық бере отырып, жұмыспен қамту орталықтары арқылы қабылданады. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі керек.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірлерде 6,7 мың жоба бойынша жұмыс басталды, 220,7 мың жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 116 мыңнан астам адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасқан.

Бағдарламаға қатысушылардың жартысы ауыл тұрғындары, 39%-ы жастар және 7%-ы аз қамтылған азаматтар.

ЖҚЖК шеңберінде жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі Шығыс Қазақстанда (20,6 мың адам немесе 109,2%), Жамбылда (19,7 мың адам немесе 100%), Атырауда (7,6 мың адам немесе 106%) тіркелді.

Еске салсақ, ЖҚЖК аясында барлығы 255 мың жұмыс орнын құру жоспарланған. Ол тұрақты 100 мың жұмыс орнын ашуға негіз жасайды.  

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар