Бір үйден шыққан қос спортшы: Шымкент халқы әлем чемпиондарын қалай қарсы алды?
Фото: Orda.kz
Шымкент әуежайы қуанышқа толды. Бокстан әлем чемпионы атағын алған спортшылар туған жеріне оралды. Жеті алтынмен топ жарған Қазақстан құрамасының мақтанышы, ағайынды Сабырхандарды жанкүйерлер ерекше ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды Orda.kz.
World Boxing аясында өткен ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жарқырады. Жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль иеленді. Нәтижесінде жалпы командалық есепте бірінші орынға шықты.
Жеңімпаздардың арасында Шымкенттің ерекше мақтанышы – ағайынды Сабырхандар бар.
Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанса, оның інісі Төрехан тұңғыш рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол мұны небәрі 19 жасында жасап, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең жас әлем чемпионы болды.
Спортшыларды қарсы алуға қала басшылығы, жаттықтырушылар, туыстары мен ондаған жанкүйер келді.
Махмұд Сабырхан жерлестеріне қолдау білдіргендері үшін алғысын білдіріп, алдағы жоспары жайлы айтты:
«Көп рақмет! Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, арқаны кеңге салмаймыз. Алдымызда Азия ойындары мен кезекті әлем чемпионаты күтіп тұр. Ол 2027 жылы Астанада өтеді, біз ағам екеуміз Қазақстан құрамасымен бірге бірінші орынды алуды мақсат етіп отырмыз. Қазір екеуміз де әлем чемпионы атандық, келесі мақсат – Олимпиада. Бір отбасыдан қос Олимпиада чемпионы шықсын дейміз», – деді ол.
Бауырларды дайындаған бапкер Ілияс Оралбеков те команданың алдында әлі талай биік шыңдар тұрғанын айтты. Жақын күндері қазақстандық боксшыларды Әлем кубогы, Азия чемпионаты және 2026 жылы Нагояда өтетін жазғы Азия ойындары күтіп тұр.
Жаңалықтар
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі