"Бір топ адам әкімдікті басып алмақ болды". Назарбаев жайлы деректі фильмнің екінші бөлімі көрсетілмек

cover

15 желтоқсанда "Хабар" телеарнасында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы түсірілген "Штрихи к портрету" деп аталатын деректі фильмнің екінші бөлімі көрсетіледі. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында хабарлады.

https://twitter.com/i/status/1338332725669933063

"Штрихи к портрету" - Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеген Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған, оның тұлғасының бұрын көрерменге белгісіз қырларын ашатын көпсериялы деректі фильм. Фильм сұхбат негізінде жасалған.

Аталған фильмнің бірінші бөлімі елде мереке күні болып есептелетін "1 желтоқсан - Тұңғыш президент күніне" орай көрсетілген. Ол бөлімде Назарбаев қуғындағы банкир, оппозиялық саясаткер Мұхтар Әблязов жайлы, сондай-ақ өкілеттігін тоқтатудан бір күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған әңгімесі туралы айтқан еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар