Бір донор - бес адамды құтқарды: министрлік барлық отаның сәтті өткенін мәлімдеді
Фото: DALL-E
Алматыда екі зағип науқастың көру қабілеті қалпына келді. Көзге жасалған ота сирек кездесетін мультиоргандық трансплантацияның бір бөлігіне айналды: қайтыс болған бір пациенттен дәрігерлер көз қарашығының мөлдір қабығын, жүрек пен бүйрегін алып, науқастарға салды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматыда бірқатар трансплантация жасалды, соның ішінде көзі нашар көретін екі науқасқа донорлық көздің мөлдір қабығы ауыстырылды. Ота Орталық қалалық клиникалық ауруханада өтті, онда алғаш рет қайтыс болған донордан екі көз алмасы алынып, науқас адамға салынды.
Науқастар буллезді кератопатиядан және қатты мөлдір мүйіз ауруынан зардап шекті, бұндай ауру кезінде - тіндердің құрылымы бұзылып, ісіктер мен көпіршіктер пайда болады. Бұл көру қабілетінің күрт төмендеуіне және көптеген жағдайларда соқырлыққа әкеледі. Мұндай патологияны емдеудің жалғыз жолы - мөлдір қабықты ауыстырып салу.
«Өтпелі кератопластика операциясы көз алмасы алынған күні жасалды. Мүйізді қабықты транспланттау жеделдікті талап етеді: тінді бір тәулік ішінде ауыстырып салу қажет, әйтпесе ол өз қасиетін жоғалтады және жарамсыз болып қалады», - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігі.
Қатты геморрагиялық инсульт алып, ауруханаға жеткізілген пациент донор болды. Екі күн бойы дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп, қажетті консилиумдар өткізсе де оны құтқара алмады. Өкінішке қарай - биологиялық өлім тіркелді. Бұл ретте ер адамның қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа ресми келісімі болған екен, оның туыстары бұны растады.
Алынған мүшелер басқа пациенттерді құтқару үшін толыққанды әрі жосықты пайдаланылды. Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықтағы науқасқа жүрегі салынды. Ота сәтті өтті, дәрігерлер реципиенттің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда. Екі бүйрегі де елордаға жеткізіліп, екі баланың өмірін жалғады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, трансплантация сәтті аяқталды.
Бұған дейін біз Алматы облысында полиция заңсыз ағза саудасы арқылы 16 операцияны анықтағанын жазғанбыз.
Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында 29 сәуір күні бүйрек сатқандар мен бүйрек алғандардың сот отырысы өтті. Олар елімізден Түркияға үш адамды жіберген. Қазақстанда ағза сату мен сатып алуға заң жүзінде тыйым салынғандықтан, көптеген азамат заңсыз әрекетке барған.
Сотта қандауырды қолы қалт етпей ұстайтын, ота жасаған дәрігерлер сот алдында сөйледі.
Айдың күннің аманында астыртын ағза саудасын жасайтындар бар деп ойламайсың. Алайда Қазақстанда ағза сататын бір емес, тағы екі ұйымның бар екені белгілі болды.
ПД мәліметінше, қылмыстық топ 2020 жылдан бастап медициналық құжаттарды қолдан жасап, ерікті донор ретінде қазақстандықтардың органдарын адап алып отырған. Бұл эпизодтар бойынша ашылған қылмыстық істер қазір ақтық сатыда сараланып жатыр.
Жаңалықтар
- Қорқынышты детектив: Астана маңында 14 жастағы Лераны кім және неге өлтірді?
- Қазақстан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында 56 медаль жеңіп алды
- «Алқаш» деді»: мас ер адам 15 жастағы қызын 16 рет пышақтап өлтірді
- Маңғыстау облысында түлкі мектеп оқушыларына шабуыл жасады
- Терапевтен өсті: Денсаулық сақтау саласына жаңа вице-министр тағайындалды
- «Лукойл» активтері үшін соғыс: ойынға Әбу-Дабидің алып компаниясы қосылды
- «Тоқалының ағасы»: Нұрсұлтан Назарбаевтың қайын ағасы ұсталды
- Қазақстан МАГАТЭ-нің Қиыр Шығыс тобына енді
- Астанада жеті тұрғын үй кешені жарықсыз қалды
- Трамп Нью-Йорк мэріне өзін «фашист» деп атауға жұрт көзінше рұқсат берді
- Өңірлер өңешін керіп сұраса да берілмейтін қаржы неге жыл сайын «ҚазАвтоЖол» мен «Жасыл Дамуға» бөлінуі тиіс?
- Жетісу облысында лицензиясыз жұмыс істеген дәрігерлерге айыппұл салынды
- Жақында жекешелендірілетін мұнай зауыттары мен әуежайлардың атауы жарияланды
- Дәрігерсіз, құжатсыз: Қазақстанда 400-ден астам заңсыз процедуралық кабинет анықталды
- Жел соғады, көктайғақ — 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы
- Алматы облысындағы жер дауы: Сот шешіміне қарамайтын әкімдік және кәсіпкерлерді кім қудалады?
- Ақтөбеде әйелін өлтіріп, өзі асылып өлген ер адамның бұрын үлгілі отбасы болғаны айтылды
- Қарағандыда Нығматулиннің бұрынғы зауыты жабылғалы жатыр
- Дубайда өткен әуе шоуында үндістандық жойғыш ұшақ апатқа ұшырады
- АЭС құрылысы 2029 жылы басталады