Алматыда бетон араластырғыш көлік дүкенге соғылды

cover

Алматыда бетон араластырғыш көлік дүкен ғимаратына соғылды.

Бетон араластырғыш көліктің дүкен ғимратына соғылған сәті түскен бейнежазбасы Instagram желісінде тарауда.

— Шамасы, тежегіш істемей қалды. Бетон таситын көлік Асқаров көшесіндегі 3А үйде орналасқан дүкенге соғылды, - делінген бейнежазбада.

Қала полициясы апат 12 сәуірде сағат 18.30-да болғанын айтты.

— Howo жүк көлігінің жүргізушісі Асқаров көшесімен батыс бағытта Арық көшесінің қиылысында орналасқан дүкенге соғылды. Жүргізуші дене жарақатын алды, - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасы.

Ведомствоның мәліметінше, бұл факті бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар