Bereke Bank-тің жаңа клиенттеріне арналған акция
Енді Банктің бизнес-клиенттері бірқатар қызмет түрлерін жылдам әрі қауіпсіз жүргізіп қана қоймай, тегін де жүзеге асыра алады.
«Bereke Bank» АҚ жеке кәсіпкерлерге арнап, сондай-ақ шағын және микробизнес иелері үшін «Пайдаңды ал» атты акция өткізетінін хабарлайды.
2022 ж. 31 желтоқсанға дейін Bereke Bank-тің клиенті атанып, төменде көрсетілген Банк қызметтерін тегін алу мүмкіндігіне ие болыңыз:
- Digital пакеттік ұсынысы, оған шотты ашу, «B-Business»* қосу және бизнеске арналған төлем карточкасын тегін ашу кіреді;
- ағымдағы шотты жүргізу;
- Астана уақытымен сағат 12:30-ға дейін теңгеде сыртқы ақша аударымдарын жасау;
- экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша есептік нөмірді тағайындау.
- Bereke Bank жұмысының маңызды бағыттарының бірі – кәсіпкерлікті дамытуға көмектесу. Бүгінде Банкте көп жылдар бойы бізбен бірге табысты дамып келе жатқан тұрақты клиенттер бар. Біз барынша пайдалы болуға тырысамыз және клиенттерге жылдам жұмысты, бизнес үрдістерді оңтайландыруды, бақылауды қамтамасыз ететін қажетті құралдарды ұсынамыз. Енді көптеген адам өз бизнесін жүргізуге көмектесетін қызметтерді пайдалана алады, – деді «Bereke Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Тасқаранов.
Bereke Bank клиенттерге барынша қолайлы болу үшін банктік қызметтерді жақсарту жұмыстарын күн сайын жүргізуде.
Банктің жаңа клиенттері тегін қызметті алу үшін «Bereke Bank» АҚ бөлімшелеріне жүгіну қажет.
Шағын және микробизнеске арналған акция туралы қосымша ақпаратты 7744 нөмірі бойынша (заңды тұлғалар үшін) Банктің байланыс орталығынан алуға болады.
* «B-Business» – бұл жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ шағын және микробизнес субъектілеріне арналған банктік қызметті қашықтан көрсету жүйесі. Сервис Bereke Bank-тің корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет түрлерін онлайн алуға мүмкіндік береді. Сервистің артықшылығы – оны пайдалану барынша оңай әрі ыңғайлы. Пайдаланушы ақша операцияларын басқара алады әрі өзінің ұйымдарының шоттарын бақылай алады, сондай-ақ бірқатар қосымша ақпараттық сервистерге қол жеткізе алады.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22 ж. берген №1.2.199/93/31 лицензия
Жаңалықтар
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады
- Музейлер түні 2024: Алматы мен Астананың толық бағдарламасы
- Бішкекте шетелдіктермен төбелес болып, мыңдаған адам көшеге шықты
- Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады
- Бектенов Тоқаевқа су тасқыны зардаптарын жою туралы баяндады
- Жыл басынан бері мемлекет пайдаланылмай жатқан 645 мың гектар жерді қайтарды
- Өнеркәсіп министрі депутаттармен және белсенділермен қайта өңдеу төлемі мәселесін талқылады
- Тоқаев «Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі туралы» заңға қол қойды
- Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлімдеме жасады
- Қазақстанда теократиялық жүйе орнатқысы келген 8 адам сотталды
- Қазақ тілін және ел тарихын білмейтіндер Қазақстан азаматтығынан шығарылады
- «Медеу» табиғи саябағындағы 35 гектар болатын 10 жер телімі мемлекетке қайтарылды
- «ҚазАвтоЖол» жол бойындағы сервисті дамытуға шақырады
- «Қазақфильм» жобалары мемлекет қаражатының 95 пайызын өтемейді
- Маңғыстау облысының жаңа әкімі таныстырылды
- Құлсарылықтарға Қаржы министрлігі көмектесе ме?
- 350 мың доллар пара беруге итермелеп, он жылға бас бостандығынан айырылды