Белсенді Есенғазы Қуандықтың көлігін белгісіз біреулер өртеп кеткен

cover

Қоғам белсендісі 14 желтоқсан сағат 2-лерде көлігінің жанып жатқанын көреді.

Есенғазы Қуандық көлігін біреулер әдейі өртеп кетті деген ойда. Себебі, соңғы кездері әлеуметтік желіде сайлау туралы жазба салып, билікті сынаған.

Өз жазбасында:

«Қазақстанда саяси партияларды мәжіліс пен мәслихат депутаттарына кандидаттар тізімін жасақтаған кезде әйелдер мен жастарға 30 пайыз квота қарастыруды міндеттейтін заң 25 мамырда қабылданған. Заң жобасының авторлары сол кезде бұл өзгеріс жастар мен әйелдердің "қоғамдық саяси өмірге белсендірек араласуына ықпал етеді" деп айтқан еді. Ал тәуелсіз сарапшылар жаңа заңда тәуелсіз белсенділердің сайлауға түсуіне кедергі жасайтын ережелер көп»,- деген.

Іс Қылмыстық кодекстің 202-бабы бойынша «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» бойынша Алмалы ауданында қаралып жатыр. Жауапты органдар оқиғаға байланысты ешқандай пікір білдірмеді.

Айта кетсек, қоғам белсенділеріне қарсы түрлі іс-әрекеттер жасалып жүр. Мысалыға, Айман Омарова мен Нұржан Мұхамедов те белгісіз біреулерден қоқан-лоқылық көрген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар