Белгісіз адамдар Назарбаев бейнеленген қабырғаны қайта бояды

cover

19 мамырда Алматыда белгісіз біреулер Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін өзгертті. Олар «Forever young» («Мәңгі жас») сөзіне сурет салып, «Cancel» («Болдырмау») сөзін қосты. Қабырғаға танымал #Qazaqkoktemi хэштегі де қосылды.

Бұл туралы Orda.kz The-village-ке сілтеме жасап хабарлады.

4 мамырда Алматыда қайтыс болған рэпер XXXTentacion-ға арналған қабырға орнында Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген қабырға суреті пайда болды. Сол кезде портретке «Елбасы» және «Мәңгі жас» деген жазулар қосылған.

Енді қабырға суреті тағы өзгертілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар