Бауыржан Байбек Назарбаевтың шешіміне қатысты ойын айтты

cover Коллаж: Orda.kz

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек билік партиясы төрағасы өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа беруіне қатысты пікір білдірді.  

– Билеуші партияның Төрағасы лауазымын Қасым-Жомарт Кемелұлына тапсыру – бұл заңдылық, қазақстандық билік транзитіне толықтай сәйкес келетін шешім, - деді ол.

Билеуші партияның қазіргі уақыттағы басты міндеті сайлауалды бағдарламадағы уәделерді орындау екенін айтқан Байбек 2019 жылы Президент лауазымына Тоқаевтың «Nur Otan»-нан ұсынылғанын есіне алды.

– 2019 жылы Президент лауазымына кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы осы «Nur Otan»-нан ұсынылды. Соңғы парламент сайлауында партия Мемлекет басшысы өзі жария еткен сайлауалды бағдарламамен айқын жеңіске жетті. Сол берілген уәделерді орындау – билеуші партияның қазіргі уақыттағы басты міндеті, - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ, дәл осы шешімнің ел ішіндегі, сыртындағы барлық тарапқа биліктің сабақтастық саясатына берік екендігін көрсететін айтты.

– Бұл шешім ел ішіндегі және сыртындағы барлық тараптарға биліктің тұтастығын және оның сабақтастық саясатына толықтай берік екендігін көрсетеді. Қосарланған билік туралы айтылған барлық негізсіз пікірлер мен орынсыз ұйғарымдарды теріске шығаратын қадам, - деді ол.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар