Батысқазақстандық спортшылар 4 айлық шәкіртақысын ала алмай отыр

cover

Батысқазақстандық спортшылар «шәкіртақыны кешіктіріп жатыр» деп шағым түсірді. Оларға жергілікті бюджет есебінен ай сайын техникалық қызмет көрсету ақысы төленеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Әділ Қырымгереев бұл мәселемен өз парақшасында бөлісті. «Бұл бірінші рет емес» дейді ол. Бұл жазба оның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған.

– Батыс Қазақстан облысында төрт ай бойы спортшыларға шәкіртақы төленбеді. Республикалық жарыстарда облысымыздың, халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасының атынан дайындалып, өнер көрсетеміз. Қаржы жағынан мемлекет тарапынан қолдау күтеміз. Біздің спорттық мансабымызда бұл өте маңызды. Ертең нақты нәтиже болуы үшін қазірден бастап ақша салыңыз. Ал бізде бұл керісінше жүреді, - деді Әділ Қырымгереев.

Спорт басшылары мәселені 10 қарашаға дейін шешеміз деп уәде беріп отыр.

Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы еліміздің құрама командаларының мүшелеріне шәкіртақы 2017 жылдан бері төленіп келе жатқанын атап өтті. Бұл мақсаттарға бюджетте қаражат қарастырылған.

– Биыл спорттың әр түрінен 240 спортшы бірінші жартыжылдықтың төлемін алды. Үшінші тоқсанда шәкіртақы төленген жоқ. Биыл бұл мақсатқа 106 млн теңге бөлінді. Спортшы-инканерлердің саны артып келеді. Тоқсан сайынғы шәкіртақы қоры 60 млн теңге. Төлемді ағымдағы жылдың 10 қарашасына дейін жүргіземіз, - деді БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Нығметуллин.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар