Бас прокуратура интернет-алаяқтардың шабуылы күшейгенін ескертті
Коллаж: Егемен Қазақстан
Қазақстанның бас прокуратурасы интернет-алаяқтардың белсенді әрекет жасап жатқанын ескертті, деп хабарлайды Orda.kz.
28 апанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіптер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды жалған инвестициялық платформалар, deepfake технологиялары, сондай-ақ бұрын жоғалтқан инвестицияларды қайтару бойынша жалған қызмет арқылы қаржылық алаяқтық схемаларына тарту әрекеттерінің күшейгені туралы ескертті.
«Бұған дейін қаскөйлер «Қазатомөнеркәсіп» атынан фишингтік сайттарды пайдаланған болса, қазіргі таңда киберқылмыскерлер екінші деңгейлі банктердің, ірі құрылыс компанияларының атынан жалған инвестициялық платформалар құрып, deepfake технологиялары арқылы танымал тұлғалардың бейнесін, видеосын немесе дауысын пайдаланып, алаяқтық платформаларды жарнамалау арқылы азаматтардың қаражатын иемденуге тырысуда» деп жазылған хабарламада.
Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желілерде адал емес брокерлерден зардап шеккен азаматтарға ақшасын қайтарып беруге уәде ететін қызметтер де белсенді түрде жарнамалануда. Алайда шын мәнінде бұл – инвестиция салдарынан қаражатынан айырылған азаматтарға бағытталған қайталама алаяқтық схема.
«Қырағы болыңыздар! Қаражатыңызды сақтау үшін күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, жеке және банктік деректерді үшінші тұлғаларға бермеңіз, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және жарнамалар арқылы таратылатын инвестициялық ұсыныстар туралы ақпаратты мұқият тексеріп, әсіресе жоғары әрі кепілдендірілген табыс уәде етілсе, алаяқтық фактілері анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгініп, тез арада банкті хабардар ету қажет. Алаяқтар сенімге кіріп алады. Өздеріңізді алдауға жол бермеңіз» деп үндеу жасады бас прокуратура.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Тоқаев Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шаралары бойынша тапсырма берді
- Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жедел байланыс нөмірлері
- Иран Бахрейн, БАӘ, Катар және Кувейттегі Израиль мен америкалық базаларға жауапты соққы жасады
- Бас прокуратура интернет-алаяқтардың шабуылы күшейгенін ескертті
- Қазақстанда Ирандағы соғысқа байланысты бірқатар әуе рейстері тоқтады
- 28 ақпан – Сирек аурулардың халықаралық күні: ДСМ былтыр 175,4 млрд теңге бөлді
- Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеме жасады
- Трамп: Иран зымырандарын жойып, елдің зымыран өндірісін толықтай талқандаймыз
- Иранға шабуыл: Қазір не белгілі
- Щучинск қаласындағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден төленді
- Израиль Иранға қарсы соғыс бастады
- Израильдің бүкіл аумағында дабыл қосылды
- Иран барлық байытылған уран қорынан бас тартуға келісті
- Атырауда енесін пышақтап тастаған әйел сотталмады
- Ақмола облысында балық қырылды, спирт зауытына айыппұл салынды
- Қазақстан мен тағы бірнеше ел Ираннан өз дипломаттары мен азаматтарын кетуге үндеді
- Павлодарда студент өзін пышақтап тастады
- Қытайлық әйел бірден бес сәби дүиеге әкелді
- Қазақстанның бас прокуратурасы «Эпштейн файлдары» бойынша тексеріс бастады
- Шымкентте ұстазынан азғындық көрді деген оқушының анасы өз шындығын айтты