Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты жаңа ақпарат шықты

cover Фото: parlam.kz

Пара алды деген күдікпен қамауға алынған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың сот отырысы тағы он күнге шегерілді.

Бұл жолы тараптар жарыссөздер өткізіп, прокурор айыптау актісін оқуы керек болған. 3 қазандағы сот отырысы судьяның ауырып қалуына байланысты кейінге қалды.

Сот залында Бақытгүл Хаменованың адвокаттары мен қолдаушылары отырыстың басталуын күтіп отырған. Сот процесі басталған кезде қалалық сот қызметкерлері судья Жұмағали Тәшімовтың ауырып қалуына байланысты отырыс кейінге шегерілгенін жеткізді.

Еске салсақ, Бақытгүл Хаменова мен өңірлік мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты тергеу 2021 жылдың желтоқсан айында басталған еді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, олар Атырауда Абай ескеткішін орнату үшін  ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген. Ол соттың басталуын сегіз ай күткен болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар