Қазақстанда балықшылардың көз жұму жағдайлары жиілеп кетті

cover Сурет pixabay.com сайтынан алынды

Балықшылардың су айдындарда қаза болуының алдын алуы үшін ТЖМ аумақтық бөлімшелері рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

Рейд барысында балықшыларға қауіпсіздік шараларын таныстырумен қатар арнайы ақпараттық жадынамалар таратылды.

Балық пен аң аулау маусымы басталғаннан бері су айдындарында қауіпсіздік шараларын дұрыс қолданбаған 12 адам, оның ішінде қараусыз қалған бір бала көз жұмды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Қайтыс болғандар Ақмола, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының су айдындарында тіркелді.

Қыста балық аулаудың қауіпсіздік ережелері:

1) тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көрінген кезде мұзға шықпаңыз;

2) мұздың жұқа және қатпаған жерлеріне шықпаңыз;

3) мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналуға болмайды;

4) мұздағы шұңқырларға, жарықтарға, ойықтарға жақындамаңыз;

 5) автомобильдермен өткелдерден тыс жерлерге шықпаңыз.

Мұз астына балық аулауға, балық аулауға қатысушыларға жеке құтқару құралдары болған жағдайда ғана жүзеге асыруға, шектеулі алаңда екіден көп шұңқыр тесуге және от жағуға жол берілмейді, сондай-ақ өту орындарында балық аулауға арналған желілерді орнатуға және шұңқырларды тесуге жол берілмейді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар