Балалар тамағына бөлінген 335 млн ақшаны жымқырған шенділер жазаға тартылды

cover

Жазда балалар лагеріндегі тамаққа бөлінген 335 млн теңгені қолды еткен Қызылордалық 6 шенеунікке қатысты сот үкімі шықты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Олардың кінәсі сотта толық дәлелденді.

2020 жылы пандемияға байланысты балалар лагері өз жұмысын тоқтатқан. Бірақ Шиелі аудандық білім басқармасының бұрынғы сала меңгерушісі мен есепшісі жалған төлем құжаттарын рәсімдеген. Олар сәуірден қарашаға дейін мектеп оқушыларының жазғы демалысы мен ыстық тамақтарын ұйымдастыруға жұмсалған қаржыға төлем құжаттарын жасаған. Іске жергілікті кәсіпкер де қатысқан.

– Қолды болған ақшаға 2020 жылғы Toyota Camry, Lexus GX 460 және Lexus ES 350 маркалы көліктер мен еуропалық брендтердегі жиһаз, ыдыс аяқ, киімдер сатып алынғаны белгілі болды, - деді тергеуші Аймұрат Абаев.

Тергеу 5 айға созылған.

Сот үкімімен облыс әкімдігінің 4 бұрынғы қызметкері мен 2 сыбайласының мүлкі тәркіленген. Олар 7-10 жылға бас бостандықтарынан айрылды. Сот процесіне жергілікті әкімдік қызметкерлері қатысты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар