Бүлдіршінге қол жұмсаған тәрбиешіге жаза тағайындалды

cover

Атырау қалалық №2 соты «Алтын балық» мамандандырылған балабақшасының тәрбиешісіне үкім шығарды.

Ақпарат «Мой город» сайтында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Тәрбиеші кәмелетке толмаған баланы жүйелі түрде ұрып-соғу арқылы физикалық және психикалық залал келтіргені үшін кінәлі деп танылды.

— Айыпталушы кінәсін ішінара мойындады. Прокурор мен жәбірленуші тарап сотталушыны бас бостандығынан айыруды сұрады. ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі «азаптау» — 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі жазаны көздейді. Заң талаптарына сәйкес жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жаза 4 жыл 8 айдан аспауға тиіс. Сотталушының жас балаларының болуы жеңілдететін жағдай деп танылды, – деп хабарлады сотта.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жаза түрін анықтау кезінде сот балаға қатысты жасалған қылмыстың «ерекшелігін» ескерді және орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен төрт жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны әділ деп санады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар