Балаңа екпе салмасаң ата-аналық құқығыңнан айырыласың ба?

cover Consultation médicale d'un garçon de 6 ans.

Желіде ата-аналарды бір сілкіп алған видео тарады. Онда егер ата-ана баласына екпе салдырудан бас тартса, қамқоршы құқығынан айырылатыны айтылған.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Видеоны Айна Бәкеева деген кісі Нұр-Сұлтан қаласында министрліктер үйінің жанында түсірген. Оның айтуынша, қазір ата-аналар тарапынан балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтайтын жұмыс топтары құрылған. Олар дәрігерлерді де оқытады. Бәкеева «екпеден бас тарту – зорлық-зомбылықтың бір түрі» дейді.

Ол өзінің Instagram парақшасында дәрігер ретінде таныстырып, «мәжбүрлі вакцинацияға» қарсы петицияға қол қоюға шақырған.

– Балаңызға вакцина салдырудан бас тартсаңыз, дәрігер полицияға жүгінеді. Бұл балаға қатысты зорлық-зомбылық ретінде қарастырылады. Баланы отбасынан алып кету мәселесі шешіледі, - деді Айна Бәкеева.

StopFake басылымының айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Балаларға жасалатын барлық медициналық манипуляциялар тек ата-аналардың келісімімен ғана жүргізіледі, - делінген денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салсақ, Covid-19 инфекциясына қарсы вакцина тек кәмелет жасқа толғандарға салынады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар