Байден: Қытай басып кірсе АҚШ Тайваньды қорғайды

cover

АҚШ президенті Джо Байден CBS телеарнасының «60 минут» бағдарламасына берген сұхбатында Қытай мен Тайваньға қатысты сұрақтарға жауап берді.

«Қытай аралға басып кірген жағдайда АҚШ Тайвань жағына шыға ма?» деген сұраққа Байден «Иә, егер бұрын-соңды болмаған шабуыл болса» деп жауап берді.

Ол АҚШ-тың «бір Қытай» саясатын ұстанатынын және Тайваньның тәуелсіздігін қолдамайтынын растады.

«Біздің аралмен өзара қарым-қатынасымыз бар екеніне қарамастан біз Тайваньды Қытайдан бөлініп шығуға шақырмаймыз» дейді Байден.

Ақ үй өкілі сұхбаттан кейін АҚШ-тың Тайваньға қатысты саясаты өзгермегенін айтты. АҚШ ұзақ уақыт бойы Тайваньдағы әскери операцияларға араласуға қатысты стратегиялық белгісіздік саясатын ұстанды.

Мамыр айында Байденнен «егер Қытай Тайваньға басып кірсе, АҚШ әскери операцияларға араласа ма?» деп сұрады. Оған АҚШ басшысы «иә... бұл біз қабылдаған міндеттеме»  деп жауап берген еді. Ақ үй бұл мәлімдемеден тез арада бас тартып, АҚШ-тың Тайваньға қатысты саясаты өзгерген жоқ деп мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар