Баянауылда жүргізуші жалған айыптан ақталып, мемлекеттен 1,2 миллион теңге өндірді
Фото: Envanto
Павлодар облысының тұрғыны Ж.-ға «көлікті мас күйінде басқарды» деген жалған айып тағылды. Бірақ сот шешімі жойылып, жүргізушіге мемлекеттен 1,2 миллион теңге өтемақы төленді, деп хабарлайды Orda.kz.
2023 жылы күзде Ж.-ны полиция тоқтатып, сақтандырусыз жүргені үшін хаттама толтырды. Құжаттар тексеру кезінде полицейлер оның көзінің қызарғанын байқап, есірткі қолданды деп күдіктенді. Ж. түнгі ауысымнан кейін шаршағанын және түтін бөлмесінде ұзақ тұрғанын түсіндірді, бірақ бұл ескерілмеді.
Ж.-ға үш тексеру жүргізілді. Оны «мас күйінде көлік жүргізді» деп кінәлап, 15 тәулікке қамауға алып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырды.
Ж.-ның адвокаты сот шешіміне қарсы шығып, апелляциялық шағым түсірді. Көлікті мас күйінде жүргізгені дәлелденбегені айтылды.
Павлодар облыстық соты Ж.-ның кінәсі жоқ екенін анықтап, істі тоқтатты. Ж. заңсыз айыптау үшін мемлекеттен 1,2 миллион теңге өндіріп алды.
Жаңалықтар
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі