Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі мерзімінен бұрын босатуды сұрады

cover Фото: today.kz: UGC

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі, кәсіпкер Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш берді.

«Қапшағай қалалық сотына сотталған Бақытбек Есентаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш хат түсті. Сот отырысы 11 шілдеге белгіленді» деді Алматы облыстық соты.

Еске салсақ, 2016 жылдың 10 маусымында тележүргізуші әрі продюсер Баян Мақсатқызына күйеуі шабуыл жасаған болатын. Ол ауыр пышақ жарақатымен Талғар ауруханасына жеткізіліп, оған шұғыл түрде ота жасалды. Бақытбек Есентаев қатаң режимдегі түрмеде 9 жылға тоғытылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар