Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің «Протон-М» зымыраны ұшырылды

cover

Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің «Протон-М» зымыран тасығышы Халықаралық ғарыш айлағына «Ғылым» деп аталатын модульді алып ұшты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Салмағы 20 тонна болатын ғарыш аппараты орбитаға шыққан соң зымыран тасығыштан сәтті бөлініп, халықаралық станцияға бет алды. Модуль ғарыш станциясына 8 күннен кейін барып түйісуі тиіс.

Көпмақсатты құрылғы станциядағы Ресей бөлігін ұлғайтып, техникалық мүмкіндіктерін арттырады. Айта кетейік, «Ғылым» модулі Халықаралық ғарыш станциясына 2007 жылы ұшырылуы тиіс болатын.

Алайда түрлі техникалық мәселелерге байланысты бірнеше мәрте кейінге шегерілген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар