БҒМ ақылы олимпиадаларға қатысты сұрақтарға жауап берді

cover

Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушылары мен ата-аналары ақылы конкурстар мен байқауларға қатысу-қатыспауды өздері таңдауға құқылы екенін атап өтті.

Министрлік ата-аналарға балаларға арналған ақылы негізде өтетін олимпиадаларды  таңдауда мұқият болуды ұсынды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың блогына «Мектеп оқушыларына ақылы олимпиадаларға, оффлайн және онлайн режимінде өтетін жарыстарға қатысуға рұқсат етіле ме?» деген сұрақ түскен болатын.

Жауапта қазіргі уақытта ұсынылған интеллектуалды, шығармашылық және спорттық іс-шаралар тізбесін ұсынатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығы бар екендігі айтылады.

«Мектеп оқушыларының ақылы олимпиадаларға, байқауларға қатысуы туралы мәселеге келсек, біз рұқсат беріп немесе тыйым салмаймыз. Әрбір адамның міндеттерімен қатар құқығы бар, сондықтан әр түрлі олимпиадаларға қатысу-қатыспауды таңдау құқығы студенттер мен оның ата-анасында қалады», - деді министр өз жауабында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар