«Бәйтерек» зымыран кешенін құру – Тоқаев заңға қол қойды

cover

Қазақстанда «Бәйтерек» зымыран кешені құрылады.

– Мемлекет басшысы «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген Ақорданың ресми сайтында.

Тиісті келісімге 2020 жылдың 31 қазанында Мәскеуде қол қойылды. Оның негізгі міндеті – «Бәйтерек» жобасының негізгі шарттарын түзету және жаңарту.

Хаттама, ең алдымен, қазақстандық тараптың мүдделеріне жауап береді. Тұтастай алғанда, бұл қазақстандық тарапқа қажет, өйткені бұл бірінші кезекте Қазақстан Республикасы министрлігіне бюджеттік несие бойынша бірлескен кәсіпорынның қаржылық міндеттемелері туралы мәселені заңды негізде шешуге мүмкіндік береді. Конверсия нәтижесінде бірлескен кәсіпорындағы қазақстандық тараптың үлесі айтарлықтай артады.

Сонымен қатар, хаттама ресейлік тараптың кешенге 2036 жылға дейін «Союз-5» зымыран-тасығыштарын ұшырумен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін қамтиды. Бұл жобада ресейлік тарап қаржыландыруды және зымыран тасығыштарын жасауды қарастырады. Қазақстандық тарап мемлекеттік тапсырманы орындау арқылы қолданыстағы «Зенит-М» жерүсті кешенін қаржыландыруды және жаңғыртуды қамтамасыз етеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар