Бүгін Айдың айналасындағы «Күн шеңбері» көрінетін күн

cover

Бүгін, көптен күткен сәт! 14 желтоқсанда Күннің толық тұтылуынан пайда болған Айдың айналасындағы күн шеңберін толығымен жауып тұратын отты сақинаны немесе «Күн шеңберін» барша жұрт көре алады.

Бұл туралы ТАСС хабарламасында айтылған:

«Күннің толық тұтылуы кезінде отты сақинаға ұқсас «Күн шеңбері», сондай-ақ Күнге жақын орналасқан жұлдыздар мен планеталар көрінеді».

Бұл құбылысты Чили мен Аргентина тұрғындары толық тамашалай алады, ал Оңтүстік Америка, Полинезия, Антарктида мен Африкада құблысты ішінара бақылауға болады.

Ал келесі сақина тәрізді тұтылу — 2021 жылы 10 маусымда. Бұл күні Қазақстанда тағы да жартылай тұтылуды көре аламыз, бірақ биылғыдай емес, Күннің аз ғана бөлігі жабылады.

Жалпы осы онжылдықта еліміздің аумағында тағы екі жартылай тұтылу көрінеді: 2022 жылы 25 қазанда және 2027 жылы 2 тамызда.

Ал 2030 жылдың 1 маусымындағы Күннің сақина тәрізді тұтылуын Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстік бөлігінде, соның ішінде Орал, Ақсай, Қостанай, Петропавл қалаларында бақылауға болады. Бұл аймақ картада күңгірт жолақпен белгіленген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар