Азық-түлікке жұмсалған шығындардан Қазақстан көш бастады

cover

Қазақстан Еуропа елдері арасында азық-түлік шығындарының халықтың отбасылық бюджетіндегі үлесі бойынша көшбасшы болып отыр. Ал азық-түлікке ең аз қаражат Люксембургте жұмсалғаны анықталды. Бұл РИА Новости зерттеуінің нәтижелері, деп хабарлайды ORDA.kz.

Сарапшылардың пікірінше, Еуропа елдерінің көпшілігінде отбасылық бюджеттің негізгі шығыстарының көп бөлігі азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығындар екен.

«Экономикалық жағдайы қолайлы және халықтың табысы жоғары елдерде тамаққа кететін қаражат басқа шығындармен салыстырғанда едәуір аз, жалпы отбасылық шығындардың 15 пайызынан аспайды. Мұндай елдердің тұрғындары ақшаның қалған бөлігін көңіл көтеруге, саяхаттауға, білім алуға, кафе мен мейрамханаларға баруға, тауарларға жұмсайды.

Экономикалық әл-ауқаты төмен елдерде басқа жағдай. Мұндай мемлекеттер тұрғындарының әл-ауқат деңгейі тауарлармен салыстырғанда екінші деңгейлі тауарлар мен қызметтерге едәуір мөлшерде қаражат жұмсауға мүмкіндік бермейді. Мұндағы тұрғындар өз қаражатының едәуір бөлігін азық-түлік сатып алуға жұмсауға мәжбүр», - деп түсіндірді сарапшылар.

Рейтингтегі бірінші орынды Люксембург алды. Бұл елдің тұрғындары шығындарының 8,4 пайызын ғана тамаққа жұмсайды. Нидерланды мен Ұлыбритания шығындарының 10,6 пайызымен келесі орында. Сондай-ақ, шығындардың 12 пайызынан азын Ирландия, Германия, Финляндия, Австрия және Норвегия тұрғындары тамақтануға жұмсайды. Жалпы, сарапшылар рейтингтің жоғарғы бөлігі экономикалық дамыған Батыс Еуропа елдерінен тұрады дейді.

Тұтыну шығындарындағы азық-түлік шығыстарының едәуір үлесі бұрынғы КСРО және Шығыс Еуропа елдерінің тұрғындарына тиесілі. Соңғы орында Қазақстан тұр. Мұнда тұрғындар рейтингіде ұсынылған барлық елдердің отбасылық бюджетінің ең көп үлесін - 49,4 пайызын тамақтануға жұмсайды.

Шығындардың 40 пайыздан астамы Украина мен Молдова тұрғындарының үлесінде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар