Қазақты «не мүлкі жоқ, не малы жоқ тобырға» теңеген Мирзоян
Мирзоян Қазақстанға 1933 жылы Голощекиннің орнына жіберілді. Ол келгенде қазақ аштықтан қырылып жатты. Өліп жатқан адамдардан гөрі, орындалуы тиіс бесжылдық жоспарына алаңдаған ол Қазақстанды келгеннен ұнатпаған. Орталыққа жазған хатында оның қазаққа деген жеккөрініші анық көрінеді.
Қазақты тонап, малын, жерін тартып алып, өзін босытып, қаңғып өлуге мәжбүр еткен соң келіп, мұрын шүйіре, менсінбей қараған озбыр басшыны байқұс халық «мырзажан» атап кеткен. Ол болса керісінше қазақтарды «бұл не мүлкі жоқ, не малы жоқ тобыр, мемлекетке масыл болып отыр» деп сипаттаған.
«Мирзоянның пікірінше, республика мешеу күйінде дамымай, артта қалып қойған. Республиканың астанасы және өзінің жаңа үйі Алматы қаласына келгеннен кейін көп ұзамай Кагановичке жазған хатында, ол қаланы «Солтүстік Кавказдағы кез-келген бекетпен салыстыруға да келмейтін артта қалған тағы ауыл» деп бағалады.
Өзінің алдындағы басшылар секілді Мирзоян да партияның қойған мақсаттарына жету үшін рақымсыз қатал тактикалар қолданған. Келе салысымен, ол көп ұзамай Кагановичке жазған хатында республикадағы орнынан ауа көшуді ұйымдастырушыларға (откочевка), сондай-ақ астық немесе мал ұрлаған адамдарға қатаң шара қолданатынын ашық мәлімдеді.
Мирзоянның бұл «халық жауларының» сипаттамасы республикадағы ашыққан босқындардың кез-келгеніне сәйкес болуы мүмкін болса да, ол партиядан жазаның ең қатал түрлерін, әсіресе, ату жазасын көбейтуді талап етті. Мирзоян өзіне «көз жасымен шыланған» жеделхаттар жіберген партия қызметкерлерін ашық түрде сынға алды. Олардың аймақтарына мол азық-түлік сұраған өтініштеріне жауап ретінде көмек беруден бас тартып, өздерін жұмыстан шығарды.
Апаттың ең қорқынышты қатыгездіктері Мирзоян басшылығы дәуірінде орын алды. Республика деңгейіндегі мекемелер ашыққан босқындарға деген азық-түліктің іс жүзінде соларға жетуін қамтамасыз етуге тырыспады: бір келеңсіз оқиғада, өкілетті уәкіл жақын маңдағы босқындарға азық-түлік көмегі жеткізілсін деген бұйрық берілген құжаттарды өз қалтасына салып алған. Жақын маңда жүздеген адам аштықтан әлсіреп өліп бара жатқанда, ол өзіне үлкен той жасап, соңында бір ай ішіп, жеп, тойлап болғаннан кейін ғана ондаған адамды сұмдық өлімнен құтқара алатын құжаттарды алып шыққан.
1933 жылы бір шенеунік: «Ауданның құтқару мүмкіндігі бола тұра, біз адамдардың аштан қырылуына жол бердік» деп еске алған.
Сара Камерон, «Аштық жайлаған дала»
Ықшамдаған Сабина Зәкіржанқызы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық