«Қаза тапқандар бар». Шығыс Қазақстан облысында үй өртенді

cover

Өскемен қаласындағы «Металлург-2» саяжай қоғамында жер үй өртеніп, бір адам көз жұмды. Өрттің шығуына алдын ала болжам бойынша – отты ұқыпсыз пайдалану себеп болған.

Бұл туралы Orda.kz Semey News сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметінше, «Металлург-2» саяжай қоғамында үй өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Шұғыл түрде оқиға орнына келген құтқарушыларға куәгерлер жанып жатқан үйде ер адам бар екенін жеткізген. Құтқарушылар терезе арқылы үйге кіріп, уланған және күйіктері бар ер адамның денесін алып шықты.

Үйдің және маңайындағы шаруашылық құрылыстардың ағаш бөліктері, жиһаздары, тұрмыстық техникалары өртенген. Өрт кезінде үйдің шаруашылық блогында 1 газ баллон және 2 жанар-жағар май құйылған ыдыс жарылды, өрт одан ары күшейе түсті. Өртке қарсы арақашықтықтың болмауына және желдің қатты соғуына байланысты от жалыны көрші үйдің гаражы мен моншасына тарады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар