Қазақстанның мәдени астанасында қандай қиындықтар бар?

cover Скриншот

Жақында ғана Қазақстанның мәдени астанасы ретінде танылған Көкшетау тұрғындары кәріз иісі мен қоқыс үйіндісінен қорлық көріп отыр.

Бұл туралы Orda.kz «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Гранитный елді-мекені Көкшетаудан 20 шақырым жерде тұр. 600-ге жуық тұрғыны бар. Тұрғындар коммуналдық қызметке ай сайын ақы төлейді. Соған қарамастан ауыл маңы тұрмыстық қалдыққа көмілді. Сондай-ақ, ескі кәріз жүйесінен адам төзгісіз иіс шығады.

Әкімдіктегілер уәде береді, бірақ ештеңе өзгермейтін көрінеді. Тұрғындар шағымдарын арқалап екі жыл жүр. Олардың барар жері, басар тауы қалмаған. Шенеуніктер тек уәдемен құтылады.

– Балалар алаңқайының ар жағында үнемі қоқыстар жатады. Олар мүлде шығарылмайды деуге болады. Бірақ кісі басына ай сайын 200 теңгеден ақша төлейміз, - деді Гранитный ауылының тұрғыны Марал Жүсіпбекова.

Ауылда жұмыссыздық деңгейі жоғары болғандықтан, жастар жаппай қалаға қоныс аударған. Мұнда тек егде жастағы кісілер қалған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар