Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

cover

Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидромет» РМК ақпаратпен бөлісті.

Күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жететін жел соғады.

Күндіз Ақтөбе облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіне 15-20 м/с жететін жел соғады.

Атырау облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі.

Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды ​​облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағандыда күндіз көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, солтүстік-батысқа ауысады

Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар