Қазақстандық вакцинамен қай елдерге кіруге болады?

cover

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, ПТР-анықтамамен кез келген елге кіруге болады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық вакцина паспорты үш елде мойындалатынын мәлімдеді.

– Қазір үш ел екіжақты форматта вакциналау паспорттарын өзара мойындау туралы ниет білдірді. Олар – Моңғолия, Венгрия, Таиланд. Біз қазір олармен жұмыс істеп жатырмыз. Бұдан бөлек, Түркия, Кипр және барлық елдің вакцина паспортын мойындайтын елдер және тағы басқалары, - деді Цой.

Қазір Сыртқы істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі серіктес елдермен вакциналау паспорттарын өзара мойындау мәселесін шешіп жатыр.

– Егер қолыңызда вирус жұқтырмағаныңыз туралы ПТР-тест нәтижесі болса, елге еш қиындықсыз кіре аласыз. Сондықтан бұл жерде еш қиындық болмауы керек, - деді министр.

Еске салсақ, Қазақстан да Венгрия, Таиланд және Моңғолияның вакцина салдырған азаматтарына кіруге рұқсат берген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар