Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап саусақ іздерін тіркейді

cover

Ал бас тартқаны үшін 5 АЕК (қазіргі таңда 1АЕК=2651теңге, яғни, 13 255 теңге) айыппұл төлейді.

Бұл шешімді үкімет 2018 жылдың ақпанында қабылдаған.

Саусақ іздерін тіркеуге шетел азаматтары, қылмыскерлерге және 16 жасқа толған қазақстан азаматтары міндеттеледі. Бұл рәсімді 12 жастан бастап қамқоршысының рұқсатымен өткізуге болады.

Рәсім 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Процедураның мақсаты – қылмыстың ашылу деңгейін арттыру. Жүйе қылмыскерлер мен із түссіз жоғалып кеткен адамдарды табуға негізделеді. Алайда, халық жеке деректерінің қауіпсіздігіне алаңдауда.

Бұл туралы ақпараттық технология мамандары «қорқыныш орынды» дейді.

  1. Адами фактор. Пара алу немесе алдау арқылы жеке ақпаратқа қол жеткізушілер болады.
  2. Кибер шабуылдар. Жабық мәліметтер базасы кибер шабуылдарға 100%-ға төтеп бере алады.

ДНҚ анализдері мәліметтер базасында сақталады.

Барлық алынған ақпарат жеке куәлікке, төлқұжатқа енгізіледі.

Ішкі істер министрлігі адамды биометриялық сәйкестендіруді енгізу туралы 2012 жылдан бері айтып келеді. Жобаны жүзеге асыру үшін мемлекет қазынасынан шамамен 37 миллиард теңге бөлу жоспарланған болатын. Қаражаттың бір бөлігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Әділет министрлігіне түседі. Алайда, қазір департамент нақты цифр берген жоқ. Қазір бір саусақ ізін салатын машинаның бағасы 300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін барады.

https://www.youtube.com/watch?v=k8_hFkyfZUc&feature=emb_title

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар