Қазақстанда жеті облыс аумағында ескерту жарияланды

cover

Қазақстанның жеті облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ORDA Қазгидрометке сілтеме жасап.

20 қаңтарда Ақмола облысында күндіз қар жауып, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғуымен қатар  тұман түсуі мүмкін. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.

Көкшетауда бұрқасын соғып, тұман түсіп, шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Екпіні 15 м/с жетеді.

Қостанай облысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысында жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағандыда күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын соғады. Шығыстан соғатын жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Петропавлда ертең күндіз боран соғады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с жетіп, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

20 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

20 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қызылорда қаласында ертең көктайғақ болуы мүмкін.

20 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады.

Ертең Оралда тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар