Қазақстанда жасөспірімдер арасында бала туу көбейді

cover

«Қазақстанның әйелдері мен ерлері» жинағы жасөспірімдер арасындағы жүктілік саны туралы деректерді жариялады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

2020 жылы 15-18 жас аралығындағы қыздардың босануы 5,2 мың, ал 2019 жылы – 3,6 мың жағдай болғандығы көрсетілген. Бес жыл ішінде, тек 2020 жылы 45% пайызға күрт өсіп кетті. Алдыңғы жылдары өсім 3% ғана болған. 2016-2020 жылдары Қазақстанда кәмелетке толмағандар арасында жылына 1000 жүктілікті мерзімінен бұрын үзу жағдайы (аборт) тіркелді.

Жасөспірімдер арасындағы туу көрсеткіші Қазақстанның барлық өңірлерінде дерлік көбейді.

Жасөспірімдердің дүниеге нәресте әкелуінің ең жоғары деңгейі елдің оңтүстігінде тіркелген. Өткен жылы Түркістан облысында – 1000, Алматы облысында – 729, Жамбыл облысында – 530 бала дүниеге келді.

Қазақстан балаларды қорғау деңгейі бойынша 180 елдің ішінде 50 орында.

Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша, Қазақстанда балалардың 6%-ы (негізінен қыздар) 15-19 жас аралығында некеге ресми түрде тіркеледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар