Қазақстанда бағаны аспандатқан жанармай бекеттері анықталды
Фото: Pixabay
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин жанар-жағармай бағасын шарықтататын жанармай құю стансалары желілерін атады.
Ол Қазақстанда 180 күн ішінде мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленгенін еске салды. Дегенмен, жанар-жағармайды Энергетика министрлігі белгілеген бағадан жоғары бағаға сататын нарық қатысушылары бар.
«Дизельдік отын нарығында бөлшек саудамен айналысатындарға қатысты 12 тексеру жүргізіліп жатыр. Оның ішінде төрт ірі – «Гелиос» ЖШС, «Sinooil» ЖШС, «Газпромнефть-Қазақстан» ЖШС, « PetroRetail» ЖШС жанармай құю бекеттері бар» деді бөлім басшысы үкімет отырысында.
Сондай-ақ Бас прокуратурамен бірлесіп ТМД елдерінің 6 көтерме дистрибьюторына («Қазмұнайгаз» АҚ, «Petrosun» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «ҚазГПЗ» ЖШС) монополиялық жоғары бағаларды белгілеу тұрғысынан үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша тергеу амалдары тағайындалды. Сонымен қатар, сұйылтылған газ сататын 180 саудагердің ісі тексерілуде.
Жұманғариннің айтуынша, тергеудің алдын ала қорытындысы бағаның көтерілуіне электронды сауда алаңындағы баға белгілеу механизмінің жетілмегендігі басты себеп болғанын көрсетті.
Еске салсақ, Қазақстанда жанармай құю бекеттерінде көліктерге жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар 180 күнге белгіленген. Атап айтқанда, мұндай жанармайдың бағасы аймаққа байланысты литріне 50 теңгеден (11 цент) 75 теңгеге (17 цент) дейін болмақ. Сұйытылған мұнай газын электронды сауда алаңы арқылы сатуға толық көшу бір жылға шегерілді.
Бензин мен дизель отынының бағасы сауда маркасы мен аймағына байланысты және литріне 89 теңгеден (22 цент) 215 теңгеге (49 цент) дейін, дизельдік отын үшін 230 теңгеден (53 цент) 260 теңгеге (60) дейін болып бекітілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық