Қазақстанда жалған анықтамалар шетел асып кетуде

cover

«Ж» жеке медициналық орталығы жалған дәрігерлік консультациялық комиссия (ДКК) қорытындыларын сатқаны үшін өз қызметтерін тоқтатты,

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөзі:

«2020 жылдың 18 қыркүйегінде жедел-іздестіру шараларын асыру барысында жалған ДКК қорытындысын бақылау сатып алу нәтижесінде аталған медициналық орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеті расталды»,- деп хабарлады.

Тергеу шарасында 200-ге жуық ДКК қорытындылары, дәрігерлердің қолы мен таңбалары қойылған толтырылмаған бланкілер, таңбалар және компьютерлік техника тәркіленген.  

Жалған анықтаманың құны 5 000 теңгені құраған. Ал шетел медициналық мекемесінен шақыру қажет болған жағдайда қызмет бағасы 10 000 теңгені құраған.  

ҚР ҰҚК ШҚО бойынша департаменті ҚР ҚҚ 385-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер өз кінәсін мойындады.

2020 жылдың 19 қарашасында күдіктілер ҚР ҚҚ 385-бабы 2-тармағы бойынша кінәлі болып табылып, әрқайсысына 1000 МЕК көлемінде айыппұл тағайындалды (1 АЕК- 2651 теңге)

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар