Қазақстанда жұмыртқа бағасы қымбаттады

cover

Қазақстанның төрт облысында жұмыртқа бағасы бір жылда 20 пайызға қымбаттады. Айта кетейік, 2021 жылдың жеті айында фермерлер 3,6 миллиард жұмыртқа алған, бұл бір жыл бұрынғыдан 9 пайызға аз.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

— Өңірлер тұрғысында ең көп өндіріс көлемі Ақмола облысына тиесілі: 599,6 млн. Үш жетекші өңірдің қатарына Алматы (590,4 млн) және Қарағанды ​​(499,6 млн) облыстары да кірді, – деп жазды Energyprom.kz зерттеушілері.

2021 жылғы қаңтар-тамыз айларының соңында жергілікті компаниялар жаңа жұмыртқа сұранысының 94,4% пайызын қамтамасыз еткен.

«Тиісінше, импорт ресурстардың 5,6%-ын құрады. Жыл басынан бері елге 189,3 миллион дана жұмыртқа әкелінді, бұл 2020 жылғы қаңтар-тамыздағыдан екі есе дерлік көп. Экспорт, бір жылда екі есеге дейін қысқарып, небәрі 83,4 миллион дана жұмыртқа болды» дейді басылым.

Ішкі сатылым да бір жыл ішінде 4,9%-ға азайып, 3,3 млрд дана жұмыртқаға дейін азайды.

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде бірінші санатты жұмыртқаның орташа бағасы 355 теңгеге (10 дана) жетіп, бір жыл бұрынғыдан 16,4 пайызға жоғары болды.

Еліміздегі ірі қалалар мен мегаполистер арасындағы ең жоғары баға Алматыда (он екі жұмыртқа 486 теңге), Нұр-Сұлтанда (432 теңге) және Талдықорғанда (405 теңге) тіркелді. Ең төмен баға Қарағандыда (262 теңге).

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар