Қазақстанда сүт бағасы тағы да қымбаттады

cover

Сегіз айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда сүт бағасы биыл 9,5%-ға өсті.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Energyprom.kz зерттеушілері бұның соңғы 3 жылдағы ең жоғары өсім екенін атап өтті.

Еліміздің қалаларында пастерленген сүттің ең жоғары бағасы Өскемен мен Қарағандыда тіркелді.

Майлылығы 3,2% -4% пастерленген сүттің бір литрі Өскеменде орташа есеппен 382 теңге, Қарағандыда 357 теңге болды. Сарапшылардың айтуынша, майлылығы 2,5% пастерленген сүт Қарағанды ​​мен Нұр-Сұлтанда 275 теңгеден, Өскемен мен Семейде 274 теңгеден сатылған.

Орташа алғанда, Қазақстанда майлылығы 2,5% пастерленген сүттің бір литрі 254 теңге, майлылығы 3,2% -4% - 302 теңге тұрады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар