Қазақстанда педофилдерге электронды білезік тағылады – Тұрғымбаев

cover

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелген педофилдер электронды білезік таға бастайды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.

– Қазақстанда жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, жазалау мерзімі ұлғайтылды. Бұл қылмыстар үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шаралары қолданылмайды, сондай-ақ олар кешірілмейді. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған барлық педофилдер арнайы профилактикалық есепке алынады. Ал 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап оларға электронды білезіктер қолданылады, - деді Ішкі істер министрлігінің басшысы Мәжілістегі үкімет сағатында.

Министр Қазақстанда зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылғанын айтты. Енді осы қылмыс үшін сотталғандарға мерзімінен бұрын шартты түрде босату және рақымшылық шаралары қолданылмайды.

– Биыл біз пилот ретінде осы жұмысты бастаймыз. Бірінші кезекте 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды білезіктер педофилдерге тағылады, - деді Тұрғымбаев.

Электронды білезіктер өте қымбат, сотталғандарды қосымша арқылы бақылауға болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар