Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері азайды

cover

2021 жылдың мамырындағы орташа зейнетақы мөлшері наурыздағы мәліметпен салыстырғанда азайған.

Бұл туралы Orda.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Маусымда Қазақстанда 2 243 зейнеткер тіркелген.

Бірінші жартыжылдықта оларға базалық зейнетақы ретінде 342,6 млрд теңге бөлінген. Ал міндетті зейнетақыға 774,8 млрд теңге төленді.

Сондай-ақ, маусымда орташа зейнетақы 100 019 теңге болып бекітілген. Наурызбен салыстырғанда төлемнің азайғаны байқалады. Наурызда орташа зейнетақы 100 308 теңге болған.

Бұл статистикалық мәліметте тек базалық және міндетті зейнетақыға бөлінген қаражат екенін ескеру керек.

  • Базалық зейнетақы азаматтың жалпы еңбек өтілін ескереді. Онда 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап оның жеке зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілін ескере отырып тағайындалады.
  • Міндетті зейнетақы 1998 жылға дейінгі еңбек өтілін ескереді.
  • БЖЗҚ-дан бөлінетін зейнетақы - әр түрлі зейнетақы жарналары есебінен қазақстандықтардың жеке жинақтарына байланысты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар