Қазақстанда бір жыл ішінде әр шаршы шақырымнан бір тонна қоқыс шығарылған
Экология министрлігінің мәліметінше, өткен жылы қоқыс полигондарына 2 538 200 тонна қалдық шығарылған.
Қазақстанның аумағы 2 725 000 шаршы шақырым. Яғни, бар болғаны бір жылдың ішінде қазақстандықтар ел аумағының әрбір шаршы шақырымынан бір тоннаға жуық қоқыс шығарған.
Жалпы, 2020 жылы Қазақстанда 138 миллион тонна қауіпті және 320 миллион тонна қауіпті емес қалдықтар жинақталған.
Тізімдегі қауіпті қалдықтардың ішінде күл және қож қалдықтары – 22,8 млн тонна, құс көңі – 1,3 млн тонна, бұрғылау қалдықтары – 212 млн тонна, шошқа қалдықтары – 143 млн тонна және мұнай қалдықтары – 103 мың тонна.
Құрылыс қалдықтары – 398 мың тонна, орау материалдары – 182 мың тонна және макулатура – 150,5 мың тонна қауіпті емес санатқа енеді.
Бұл мәліметтер ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жариялаған «Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған қоршаған ортаның жағдайы және табиғи ресурстарды пайдалану туралы» ұлттық баяндамасында келтірілген.
Министрліктің мәліметінше, 2020 жылы республика бойынша рұқсат етілмеген 8 884 полигон анықталған, олардың 40 пайызы Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Спутниктік мониторинг қалдықтардың көбіне сыртқа шығарылмайтыны, құрылыс-өндірістік нысандардың немесе тұрғын үй секторының маңында көмілетіні анықталды. Тұрғындардың денсаулығына да, қоршаған ортаға да зиянын тигізетін жануарлардың өлекселерін, органикалық қалдықтарды және тамақ қалдықтарын тастаудың көптеген фактілері тіркелді. Әсіресе қолайсыз жағдай елді мекендердің шетінде тіркелді.
Бұл ретте 3030 заңды полигонның 20 пайызы ғана норма мен талаптарға сай. Ал еліміздегі 10 мыңға жуық полигонға рұқсат етілмеген.
Өткен жылдардағы статистикаға көз жүгіртсеңіз, қалдықтардың көбейгені анық, мамандардың айтуынша, мәселе қауіпті деңгейге жетіп отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық